Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елорданың 3 көрікті жерінде отшашу болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
«ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 15 желтоқсанда демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік салют қойылады. Отшашу кешкі сағат 21.00-де 3 жерде болады.
1. Ботаникалық бақ;
2. Атырау көпірінен солтүстікке қарай Есіл өзенінің сол жағалауы;
3. Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы (Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы)», деп жазылған баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.