• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2021

Алматыдағы ірі жолайрықтардың бірі ашылды

136 рет
көрсетілді

Алматыдағы ірі жолайрықтардың бірі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрықты ашты. Хабарламада жол құрылысы аяқталғаны айтылған.

«Рысқұлов арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы 186 метр. Жол бойында орналасқан ғимарат иелерімен сот өтуіне байланысты құрылыстың аяқталу мерзімі созылып кеткен.

Жолайырқ көліктердің өтуін тәулігіне 80 мың көлікке дейін, Емцов бойымен – 40 мыңға дейін арттырады», делінген хабарламада.

Биыл Алматыда 274 көшеде салынған жаңа жолдар ұзындығы 108 шақырым. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен жеті шақырымдық веложолдарды бөлу жұмыстары аяқталған.