• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Желтоқсан, 2021

Ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіріп ала алады

779 рет
көрсетілді

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова ерлі-зайыптылардың зейнетақы жинақтарын біріктіре алатындығын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Агенттік төрағасы заң жобасында жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін жаңа әлеуметтік маңызды сақтандыру өнімдерін енгізу көзделетінін айтқан болатын.

«Бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аниутеті ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинақтарын бірге қосып, зейнетақы аниутетін сатып алады», деді Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік бар.