• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Желтоқсан, 2021

Жалған құжат жасаған әкімдік қызметкері ұсталды

300 рет
көрсетілді

Түркістан облысында әкімдік қызметкері жалған құжат жасап, істі болды, деп хабарлайды Egemen.kz .

Бұл туралы Polisia.kz сайты жазады.

Мәлім болғандай, Созақ ауданының полиция бөліміне аудан әкімдігінен хабарлама түскен. Онда аудан әкімшілігінде заңсыз қаулылар енгізілгені, соның заңдылығын тексеру қажеттігі көрсетілген.

«Ақпарат алысымен созақтық полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызмет бабын негізсіз пайдалану арқылы құжаттарды қолдан жасап, өткізумен айналысқан Созақ аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметшісі анықталды. Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді», делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, күдікті ретінде танылған ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы жалған құжаттар жасаған.

«Полицейлер аталған жайтты ҚК 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», делінген полиция хабарламасында.