• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 15 Желтоқсан, 2021

«Канелоның» белдігіне үміткер боксшы Ресейде жаттығып жүр

432 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлы оқу-жаттығу жиынын Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткізіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Ресейде Токио Олимпиадасының чемпионы Альберт Батырғазиевпен бірге дайындығын пысықтап жатыр. Инстаграмдағы парақшасында Альберт Батырғазиевпен бірге түскен суретін жариялаған Айдос Ербосынұлы төмендегідей жазба қалдырды.

«Соңғы Олимпиада ойындарында бірде-бір қазақ баласы жеңістің биік тұғырынан көрінбегенімен, қасымдағы қаны бір ноғай жігіті Олимпиада чемпионы атанғанын ұмытпаңыздар. Альберт, кәсіпқой бокс әлемінде өткізетін әрбір жекпе-жегіңе тек сәттілік тілеймін», деді Айдос.

Соңғы жекпе-жегінде Леннокс Алленді нокаутпен жеңген Айдос Ербосынұлы WBA рейтингіне сәйкес екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварестің міндеті қарсыласы атанған болатын.