Америкалық белгілі бапкер Тедди Атлас Василий Ломаченконың АҚШ боксшысы Теофимо Лопеске жеңілгеннен кейін қандай қорытынды шығарғаны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Теодан жеңілгеннен кейін Василий Ломаченко өмірге деген көзқарасын өзгертті. Адамның өмірінде ондай жағдай болып тұратынын түсінді. Есесіне жеңіліс арқылы жіберген қателіктеріне талдау жүргізді. Одан бөлек ол отбасына айрықша көңіл бөле бастады. Вася рингтің сыртында да өмір бар екенін ұқты. Әлем чемпионы атағынан да жоғары тұратын құндылықтарға зер салды. Қателіктен қорытынды шығарған ол жеңісті жорығын қайта бастады. Бастысы да сол ғой», деді бапкер Василий Ломаченко туралы ойын түйіндеп.