• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Желтоқсан, 2021

Америкалық ғарышкер қазақстандықтарға ХҒС-тан құттықтау жолдады

498 рет
көрсетілді

Халықаралық Ғарыш стансасында жүрген Марк Томас Ванде ХЕЙ АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі арқылы қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен НАСА астронавтымын. Мен сіздерге орбитада орналасқан үйіміз – Халықаралық Ғарыш стансасынан сөйлеп тұрмын. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан-Америка қарым-қатынасының 30 жылдығына орай жылы лебізімді білдіргеніме өте қуаныштымын. Осыдан үш онжылдық бұрын АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. Содан бері біздің елдеріміз ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықты қамтитын берік және кең қарым-қатынасты дамытты», деді ғарышкер. 

Сондай-ақ ол Байқоңырдан екі рет ғарышқа ұшқанын атап өтті. Сонымен қатар, NASA ол жерде көптеген маңызды зерттеулер жүргізгенін айтты.

«Қазақстанның арқасында біздің елеулі жұмысымыз және адамдардың Халықаралық Ғарыш станциясындағы саяхаты жалғасуда. Сіздерді тағы да Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және достығымыздың 30 жылдығымен құттықтаймын!», дейді Марк Томас Ванде ХЕЙ.