• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Желтоқсан, 2021

БҚО-да республикалық жол жабылды

610 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне қарағанда, 18 желтоқсан күні сағат 00.45-тен бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (266-394 шақырым аралығы, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Жымпитыға дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі - жаңбыр аралас қар, тұман, көктайғақ.

БҚО ТЖ департаменті соңғы күндері ауа райының құбылмалы болуына байланысты тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді.