• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Желтоқсан, 2021

Анастасия Лаврова Германия бундеслигасында жеңісті жолын жалғастыруда

236 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен әйелдер арасындағы Германия чемпионатының кезекті кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

SV Schott (Йена) спортшылары Анастасия Лаврова, Эже Харак, Майя Куназ, Карлин ван Лиероп Лейпцигте жергілікті LTTV Leutzscher Füchse 1990 командасына қарсы ойнап, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыз Анастасия До Тхи Хуонгты 3:0, Анна-Мари Хельбигті 3:0 есебімен жеңіп, екі ұпай алды. Бундеслиганың 10 командасының арасында SV Schott (Йена) турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.