Пәкістанның оңтүстік-батысында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан бір адам қаза тауып, тағы он адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Лаңкестер Белохистан провинциясының Кето қаласындағы базарда жарылғыш затты іске қосқан.
«Жарылыс салдарынан үш әйел мен жеті ер адам зардап шекті», деп жазылған хабарламада.
Бомба базарда тұрған мотоциклге қойылған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қуанышқа орай, ауа температурасының қалыптан тыс төмен болуына байланысты базар ертерек жабылып, зардап шеккендер аса көп болмаған.
Әзірге шабуылды ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.