• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2021

Бала көбейіп, мектеп салынуда

269 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсанда Түркістан облысында 190 сәби дүниеге келді. Оның 96-ысы ұл болса, 94-і – қыз бала. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Мереке күндері кезекші ауысымда жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер нәресте мен анаға күтім жасаған.

Елімізде бала туу көр­сеткіші бо­йын­ша көш бас­тап тұрған облыста мектеп құрылысы қарқынды жүр­гі­зілуде. Мысалы, биыл бас­талған 78 мектептің құры­лысына мемлекет қазы­на­сынан 18,2 млрд теңге қа­рал­ды. Оның ішінде 2,3 млрд теңге «Ауыл – ел бесігі» бағ­­дарламасы арқылы, 15,9 млрд теңге облыстық бюд­жет­тен бөлінген. Бүгінде 29 мек­тептің құрылысы аяқ­та­лып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар биыл 7 спорт нысанының құрылыс жұ­мыстарын жүргізуге 7,4 млрд теңге қаралды. Ал өңірде пайдалануға берілетін тұр­ғын үйдің жалпы алаңы жыл­дық жоспар бойынша 800 мың шаршы метрді құ­рамақ. Биыл қаңтар-қараша айларында облыстағы құры­лыс жұмыстарының көлемі 252 млрд теңге болды.

Құрылыс қарқынының бір нәтижелі көрінісі Тә­уелсіздіктің 30 жылдығы ме­рекесі қарсаңында Түркіс­тан қаласында 40 отбасы бас­паналы болды. Желтоқсан айының соңына дейін баспана кезегінде тұр­ғандарға жалпы 610 пәтер беріледі. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұ­рашбековтің мәлімдеуінше, олардың барлығы – көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы отбасылар. Оның ішінде, көпбалалы отбасына – 470, әлсіз топ­тағы отбасыларға 140 пәтер беріледі. Сондай-ақ облыс ор­­талығындағы 14 көп­қа­батты тұр­­ғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» АҚ ар­­қылы және көпқабатты 3 тұр­­ғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы несие жүйе­сімен сатылымға қойылды. Бүгінде мұнда бюд­жет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құ­рылысы жүруде. Сонымен бірге жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынуда.

 

Түркістан облысы