Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Ермек Оспанов агенттік төрағасының бірінші орынбасары қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Агенттіктің баспасөз қызметі Ермек Оспановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғанын хабарлады.
«Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаментінің директоры Лесбеков Ғабит Әбдімұтәліпұлы директордың бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды», деп хабарлады баспасөз қызметі.