• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Желтоқсан, 2021

Балық шаруашылығын дамытудың 10 жылдық бағдарламасы бекітілді

533 рет
көрсетілді

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Экология министрлігі балық шаруашылығын дамытудың 10 жылға арналған бағдарламасы бекітіліп, онда балық өсіруге баса назар аударылатын атап өтті.

«Инвестиция көлемі 182,4 млрд теңгеге жуық, жылына 129 мың тонна балық өсіру жоспарланған және 5,3 мың жұмыс орнын құрумен 32 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», деді министр.

Оның атап өтуінше,  2021 жылы жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтары есебінен 12,8 мың тонна балық өсіру күтілуде, бұл өткен жылға қарағанда 30%-ға жоғары көрсеткіш.

«Балық өнімдері экспортының деңгейі өсуде. Республикада балық өсіру шаруашылықтары мен балық өңдеу кәсіпорындарын құру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданды. Бизнес пен балық шаруашылығы субъектілері тарапынан қабылданып жатқан шаралардың арқасында балық өсіру және балық өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыруға мүдделілік артып келеді. Балық өсірудің күтілетін өсімі балық өсіру шаруашылықтары мен балық өңдеу кәсіпорындарын құруға жаңа серпін береді», деді Серікқали Брекешев.