ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Республикада оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 984 079 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 732 жағдайы тіркелді, науқастардың 96%-дан астамы сауығып шықты. 18 852 науқас емдеуді жалғастыруда. Жалпы, Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану 16 есеге төмендеді», деді Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады және репродуктивтілік саны - 0,9 құрайды.
«Инфекциялық және реанимациялық төсектердің пайдаланылуы 19%-ды көрсетті, соңғы үш айда емдеуді жалғастыратын адамдар саны 4,5 есеге азайды (қыркүйек айындағы 84 268-ден желтоқсан айында 18 852 науқасқа дейін)», деді Ж. Бүркітбаев.