Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың қаңтарына арналған коронавирус туралы жаңа болжам жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің болжамына сәйкес, 2022 жылдың қаңтарында оптимистік сценарий бойынша күніне орташа есеппен 650 коронавирус инфекциясы тіркеледі. Нақты - 1500, жағдай нашарласа 3000 дерек тіркелуі мүмкін.
«Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай болжамына сәйкес қазір тәулігіне орта есеппен 560 жағдай тіркеліп отыр, оптимистік сценарий іске асырылып жатыр. Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқаны байқалады, жағдай министрліктің бақылауында», деді денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында.