Бангладештің Суганда өзенінде паромды шарпыған өрттен 38 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат үштер шамасында болған.
Өрт паромның машина тиелген залынан шыққан.
Джалакати ауданының әкімшісі Зохор Әлидің айтуынша, қаза тапқандар саны бұдан да артуы мүмкін, өйткені ауруханаға 50-ден астам адам түскен, кейбірінің жағдайы ауыр. Сонымен бірге бірқатар жолаушылар із-түзсіз жоғалып кеткен.