• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қаржы 24 Желтоқсан, 2021

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 82 661 өтінім қабылданды

190 рет
көрсетілді

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 82 661 өтінім қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

«2021 жылғы 23 желтоқсанда «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,04 трлн теңге несие алуға 82 661 өтінім қабылданды. Оның ішінде 594,5 млрд теңгеге 47 200 несие мақұлданды», деп жазылған ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. 

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.