• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Желтоқсан, 2021

Карантин талаптарын бұзған алматылықтар айыппұл төледі

341 рет
көрсетілді

Үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебелі 18 алматылыққа 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПТР-тестінің оң нәтижесі анықталған алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істейтін нысандар, атап айтқанда ХҚКО, СОО, базарлар, әуежай, дүкендер мен басқа да нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.

«Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық емделіп жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы керек», деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Карантинді бұзушылардың тізімін келесі сілтеме арқылы көруге болады.