• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Желтоқсан, 2021

Ұлттық банктің кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталды

4348 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қатысу үшін 2022 жылғы 5 қаңтар – 2022 жылғы 5 ақпан аралығында Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында электрондық резюме толтыру қажет.

Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар: білімі, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық сертификаттардың болуы (қаржы, IT саласында). Кадр резервіне іріктеу кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Бірінші кезең – түйіндеме мен мотивациялық хат (эссе) жолдау, одан кейін оларды қарау қорытындысы бойынша кандидаттарды Ұлттық банктің адам капиталын дамыту департаментінің өкілдері, сондай-ақ мүдделі бөлімше басшылары әңгімелесуге шақырады.

Іріктеуден өткен және кадр резервіне алынған ізденушілер жыл ішінде Қазақстан Ұлттық банкіне жұмысқа орналасуы мүмкін.

Кадр резервіне алынған кандидаттар тізімі қаржы реттеушісінің сайтында жарияланады.