• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2021

Алматыда Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу болмайды

143 рет
көрсетілді

Алматыда Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлім етті.

«Алматыда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штабтың хабарлауынша, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты әрі адамдар көп шоғырланған орындарда азаматтардың жұқтыру жағдайларының алдын алу мақсатында Алматыда 31 желтоқсанда мерекелік отшашу жоспарланбайды», делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Десек те, 25 желтоқсаннан қаңтар айының соңына дейін мегаполисте 60-тан астам түрлі іс шара өтеді. Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойлымдары, концерттер бар.

Жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан танысуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар