Рада депутаты Олег Волошин екі ел арасында соғыс оты тұтанған жағдайда Ресей Украинаны 10 минуттан аз уақыт ішінде жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей Украинаның аумағына кірмей-ақ он минутқа жеткізбей елдің негізгі басқару пункттерін жойып жібереді. Украина СІМ ақпарат департаментінің бұрынғы басшысы, Жоғарғы Рада депутаты Олег Волошин UkrLife телеарнасына берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады.
«Олар қазіргі заманғы жоғары технологиялық соғыстың не екенін түсінбейтін шығар. Бір анығы ресми Киевке Мәскеумен соғысудың түк те қажеті жоқ», деп атап өтті сарапшы.