Кабулдағы Иран елшісі Бахадүр Аминян ресми Тегеран тәліптер құрған жаңа үкіметті мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер қандай да бір топ билікке келіп, бір этникалық топтың өкілдерінен тұрса және барлық басқа этникалық топтар үкіметтің құрамына кірмесе, біз оны қабылдамаймыз» деді елші Ауғанстанның Tolo News телеарнасына берген сұхбатында.