Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тілшілер сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасын 50 теңгеге түсірудің екіталай екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Газ өндірісінің өзіндік құны шамамен 100 мың екенін, бұл халық талап еткен 50-60 теңгеден асатынын ескерсек, өзекті мәселені шешудің екі жолын көреміз. Тапшылыққа тап болып, зауыттарымызды тоқтатамыз, болмаса осындай аса жағымды емес шешім қабылдау керек. Нарықтың заңын ешкім жоққа шығара алмақ емес. Дәл қазір ел қалаған талапты толық орындаудың мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын», деді министр.