Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция жұмысын «сервистік модельге» көшіруді тапсырған болатын. Тапсырманың өз деңгейінде орындалуы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев тарапынан қатаң қадағаланып, бақылануда. Яғни халықпен үнемі байланыста болатын учаскелік инспекторлардың жұмысы жіті қаралуда. Инспекторлардың жұмыс көрсеткіші жоғарылау үшін жағдай жасалып, жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Бұдан бөлек әлеуметтік желіге республика көлемінде іріктеліп алынған учаскелік полицейлердің суреттері мен жеке мәліметтері жарияланып, оларға тұрғындар тарапынан басылған лүпіл мен қолдау жазбалары сарапталды. Сараптау нәтижесінде республикалық байқауда дауыс берушілердің пікірі бойынша Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрлыбек Асанханов «Қалалық жердегі полицияның үздік учаскелік инспекторы» атанды. Ал Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекжігіт Асабаев «Үздік учаскелік полиция инспекторы» деп танылды. Тәртіп сақшыларының марапаттарын Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков барлық ауданның полиция басшылары және жеке құрам жиналған, жыл ішінде атқарылған жұмыстар қорытындыланған жиында табыс етті. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция капитаны Нұрлыбек Асанханов, полиция подполковнигі шені полиция майоры Бекжігіт Асабаевқа, «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісі полиция полковнигі Дәуренбек Ахметовке берілді.
Сондай-ақ Ресей Федерациясында каратэ-до шотоканнан 9 мемлекет арасында өткен Әлем кубогында Қазақстанның атынан жарысқа қатысып, 68 кило салмақ дәрежесінде I орынға ие болған полиция аға лейтенанты Айгерім Нуридин, самбо күресінен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай Семей қаласында өткен «Қабанбай батыр мемориалы» республикалық турнирінде әйелдер арасында 65 кило салмақ дәрежесінде II орын алған полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова, Түркістан қаласында өткен «грэплинг» күрес түрінен халықаралық турнирде 83 кило салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынды иеленген полиция капитаны Жәнібек Айдарбек алғыс хат және кубоктармен марапатталды.
Түркістан облысы