• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Коронавирус 05 Қаңтар, 2022

Ashyq: Бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді

323 рет
көрсетілді

Covid-19 коронавирус инфекциясының жаңа штамы – «Омикрон» әлем елдерін әлекке салып, қауіпсіздік шараларын қатаңдатуға мәжбүрлеп жатыр. Тез тарап жатқан бұл штамм біздің елде әлі анықталмағанымен, қыр астындағы қауіптің алдын алуды назарда ұстау қажет. Сондықтан биыл 5 қаңтардан бастап қосымша іс-шаралар шеңберінде жекелеген объектілердің қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Бас мем­ле­кеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы­мен жұмыс және демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес, сауда алаңы 6 мың шаршы метрден астам), сондай-ақ караокеге тек қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің кіруіне рұқ­сат етіледі. «Жасыл» мәртебелілер – вак­цина­лау, сынама алынған сәттен бастап 7 күн­нен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тесті, тұрақ­ты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адам­дар. Яғни аталған нысандарға Ashyq қосым­шасында мәртебесі «көк» түсті болып тұрған азаматтар кіре алмайды.

Қабылданған шаралар коронавирустың «Омикрон» түрінің таралу және жұғу жыл­дам­дығын ескере отырып, алдын алуға негіз­делген. Бұл жаңа штамм қазірдің өзінде әлем­нің 110 елінде табылды.

«Омикрон» штамының қарқынды таралуы бірқатар елдің денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ салып отыр. Осыған байланысты қабылданып отырған шаралар эпидемиялық жағдайдың тұрақтылығын сақ­тауға, аурулар санының өсу қаупін азайту­ға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.

Коронавирустың бұл түрінің жұқпалылы­ғы «Дельта» нұсқасына қарағанда бес есе жо­ғары екенін есте сақтау керек, қайта жұқтыру қаупі жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар