• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қаңтар, 2022

Ел мүддесі маңызды

526 рет
көрсетілді

Берекені бірліктен, табысты еңбектен іздейтін халқымыз үшін ел мүддесі қашан да маңызды. Бейбіт талаптан аттап, қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтардың әрекеті ең қатал деңгейде жазаланатындығын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде атап өтті.

Құқықтық мемлекет жағдайында халық арасында арандатушылық әрекет жасаған бұзақылардың жазадан аттап кетпейтіндігін түсінеміз. Өз қаласы мен мемлекетінің бүгіні мен ертеңін ойлаған, азаматтық жауапкершілікті сезінген азамат ешқашан бұндай қадамға бармайды. Әлеуеттің пікірін ескерген Президентіміз әлеуметтік мәселені де назардан тыс қалдырмай сұйытылған газ, жанармай бағасын төмендетті.

Тұтыну тауарларының бағасын көтеруге жол бермей 180 күнге мораторий жариялауы да халық үніне құлақ асатын мемлекет екенімізді айғақтайды. Президентін қолдайтын кез келген перзенттің сындарлы сәтте бір-біріне, ел тізгінін ұстаған азаматтарға қолдау танытуы аса маңызды. Ағарту саласының өкілі ретінде жастарымыз бен замандастарымыздан сөз бен істе жауапкершілік танытуды сұраймын.

Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы.