• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2022

Полицейлер әріптестерін еске алды

265 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік салдарынан бақи болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

«Отанымызда болған лаңкестік шабуыл салдарынан талай азаматтарымыз көз жұмды. Қара жамылған олардың отбасыларына көңіл айтамыз. Қылмысқа қарсы күресте қай кезде де алғы шептен табылатын әріптестеріміздің еңбегі ересен. Қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан азаматтарды еске алу, рухына тағзым ету – біздің міндетіміз», деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағлан Халықов.

Жалпы Түркістан облысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 47 блокбекет қойылған. Оның 45-і қала, аудандардағы жолдарға, екеуі республикалық маңызы бар жолдарға орнатылған. Қазіргі кезде өңірде жағдай тұрақталған.