• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2022

Алматыны қылмыскерлерден тазарту жұмыстары қыза түсті

259 рет
көрсетілді

Бұған дейін Сайын - Райымбек - Карьерная - Жандосов көшелерінің аумағы, Абай - Достық - Әл-Фараби - Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қылмыскерлермен күрес одан кейін де қарқынын жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иә, Алматы қаласы бойынша комендатура қаладағы жағдайға қатысты мәліметтерді жаңартты. Бұл туралы қаладағы комендатураның ақпарат орталығы хабарлады.  

Комендатура келтірген деректерге зер салсақ, 10 қаңтардағы мәліметтен бөлек, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылған екен.

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, «Өжет» ықшам ауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілген.

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 1237 адам ұсталған. Одан бөлек, 31 бірлік атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленіп, блок бекеттерде 38 адам ұсталған. «102» басқару пультіне барлығы 608 хабарлама, комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253 дабыл түскен.