• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2014

Ауыр атлетикадан екі спортшымыз Азия чемпионы атанды

370 рет
көрсетілді

Таиландта ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады. Чемпионатта 20 жасқа дейінгі жастар арасында 69 киолға дейінгі салмақта күш сынасқан 18 жасар зілтемірші Альберт Линдер жұлқа көтеруде 132 килоны, серпе көтеруде 166 килоны басынан асырып, жастар арасында үздік атанды. Сөйтіп, ол барлығы 298 кило (132+166) салмақты бағындырды. 62 кило салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Әділбек Балхаев ешқандай жүлде алмады. Ол 269 килоны (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды. Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер жарысында Қазақстан құрамасы өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Мәселен, Селімхан Әбубәкіров 94 килодан аса салмақ дәрежесінде 350 кило (160+190) көрсеткішімен Азия чемпионы атанды. Тағы бір отандасымыз 69 кило салмақта күш сынасқан Михаил Макеев күміс жүлдеге ие болды. Ол 271 килоны (122+149) көтере алды. Тимур Хасаров деген спортшымыз 56 кило салмақ дәрежесінде жетінші (98+120=218 кило) орынды қанағат тұтты. Дастан Кенжалин. Дереккөз: hffp://wfrk.kz. Фото: hffp://wfrk.kz.