• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2014

Шекара басшысы сарбаздарды соққыға жықты

250 рет
көрсетілді

Батыс өңірлік әскери прокуратурасы Атыраудағы әскери бөлімнің тәртібіне байланысты кемшілік анықтады. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Батыс өңірлік әскери прокуратурасы әскери бөлімдегі қызметкерлердің арыз-шағымын арнайы орнатылған баннерлер мен Whatsapp желісі арқылы қабылдаған болатын. Сол арыздың бірінде №2016 әскери бөлімінде қызмет жасайтын офицердің қатардағы сарбаздарды соққыға жыққаны атап көрсетілген еді. Прокуратураның тексеруі кезінде лейтенант шеніндегі офицердің 5 жауынгерді сапқа тұрғызып, бокс қолғабымен ұрғаны әрі противогазды мәжбүрлеп кигізіп жүгірткені сосын оларды тепкінің астына алғаны анықталды. «Шекара заставасы бөлім басшысының өзінен шені төмен қызметкерлерге күш көрсеткені дәлелденді. Қазір осы келеңсіздікке қатысты іс сотқа жолданды. Біз алдағы уақытта да әскери қызметтегі кез-келген заңсыздықтың алдын алатын боламыз»,- дейді Батыс өңірлік әскери прокуроры Талғат Бақбергенов. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы. Фото: www.ntv.ru.