Ақтөбе облысында тұрмысқа шыққалы жатқан бойжеткен түрмеге отырды. Бұл туралы «Экспресс К» газеті хабарлады.
22 жасар Ұлжан Нұржанова көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, қарсы бетте келе жатқан прокуратура қызметкері көлігінің «соғуына себепкер етті». Сол кезде Ұлжанның жанында жігіті болған еді. Болашақ қалыңдығын ақтап алмақ болған бұл азамат алғашында жол оқиғасына қатысты кінәні өз мойнына алады. Алайда, арада бір ай өткенде Ұлжан құқық қорғау органына келіп, көлікті өзі басқарғанын айтты.
Сараптама қорытындысында жаяу жүргіншіге Ұлжан көлігі соққаны көрсетілген. Ал прокуратура қызметкері жол ережесін бұзбаған.
Осыған қатысты істі қараған сот Ұлжан Нұржанованы 3 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушіге 2 млн. теңге төлеуге міндеттеді. Әрі жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.
Биылғы желтоқсан айында Ұлжан мен жігіті отау құруға сөз байласқан-ды...
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Экспресс К»
Фото: Mordovia-news.ru.