«Аль Райан» футбол клубының ойыншысы, колумбиялық шабуылшы Хамес Родригес «Аль Вакру» футбол клубының қорғаушысы Усман Кулибалиді өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Катар чемпионатының он үшінші туры аясында өткен ойынның бірінші кезеңінде Кулибали талып қалды. Осы сәтте мейірбикелерден бұрын көмек қолын созған Хамес Родригес футболшының басын бұрып үлгерген. Хамес осындай қадамға бармағанда Кулибалидің қайтыс болуы мүмкін еді. Ойыннан кейін футболшы жүрек талмасы дертіне шалдыққаны белгілі болған. Қазір оның жағдайы тұрақты.