• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2022

Айыптұрақтағы көліктер тергеу бітпейінше қайтарылмайды – Бейсенғали Жүнісов

329 рет
көрсетілді

Алматы қаласында өртенген және тиген оқтан қаңқасы ғана қалған 140 көлік айыппұл тұрағында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Шаһар бойынша құтқару қызметінің бастығы Бейсенғали Жүнісовтың мәліметінше, 47 көлік өртенді, 48 көлік тиген оқтардан бүлінген, тағы 17-сі қарақшылық шабуылға ұшыраған. Сондай-ақ 40 көлік құқық қорғау органдарына тиесілі.

Көкжиектегі айып тұрағынан «Гелендваген», «Лексус» және «Мерседес», сондай-ақ бүлікшілер басып алған әскери жүк көліктерін де көруге болады.

«Кейбір көліктердің иелері келеді, алып кеткісі келеді. Бірақ тергеу аяқталғанша біз оларды бере алмаймыз», дейді Бейсенғали Жүнісов.