Өңірде бір тәулікте 323 тұрғынның коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz. inform.kz-ке сілтеме жасап.
Облыста күні кеше ғана эпидемиологиялық жағдайдың ушыққаны нақтыланды. Бүгінде өңір «қызыл» аймаққа кірген облыстардың қатарында.
«Тәулік ішінде 323 адамның коронавирус дертіне шалдыққаны белгілі болды. Оның 197-і вирустың симптомды түрімен ауырған. Ақтөбе қаласынан бөлек, Алға, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау, Шалқар аудандарында да дертке шалдыққандар аз емес», делінген Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.