What‘sApp мессенджерінде қазақстандықтарға Қаржы министрлігінен белгілі бір «мемлекеттік субсидия» төлеу туралы хабарлама таратылуда. Бұл фейк, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарламада ұсынылған ҚР Қаржы министрлігінің сілтемесі іс жүзінде бөгде ресурсқа апаратыны көрініп тұр.
Министрліктің ресми порталында мемлекеттік субсидиялар төлеу туралы хабарландыру жоқ.
Мұндай төлемдер туралы БАҚ-та да, басқа ресми ресурстарда да хабарланған жоқ.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ақпаратты фейк екенін «субсидияны» алу әдісінен-ақ байқауға болады. Хабарлама авторлары төлемдер туралы ақпаратты What‘sApp-та 20 адамға немесе бес топқа жіберуді ұсынады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік төлемдер бұлай тағайындалмайды.