• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2022

ҰҚК Семейде есірткі зертханасын ұйымдастырған азаматты ұстады

378 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтар күні Семейде жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «А» есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 кг «а-PVP» психотроптық заты, 50 кг синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.