• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қаңтар, 2022

Лаңкестер қанша қару-жарақ ұрлады?

308 рет
көрсетілді

Алматыда орын алған тәртіпсіздіктер барысында бүлікшілер 1347 біпрлік қару ұрлағаны мәлім болды. Бұл туралы Алматы ПД бастығы Қанат Таймерденов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Уақыт өткізбей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау мақсатында арнайы жедел жоспар енгізілді. Дабыл бойынша гарнизонның барлық жеке құрамы көтерілді. Қала көшелерінде, саябақтарда, алаңдарда қосымша полиция жасақтары мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тартылды. Қаладағы стратегиялық және тіршілікті қамтамасыз ету нысандардың күзеті күшейтілді. Бірақ лаңкестер қаланың әр жерінде бір мезгілде патрульдік жасақтарға шабуыл жасады», деді Қанат Таймерденов.

Ол, сондай-ақ, лаңкестер қанша қару-жарақ ұрлағанын айтты.

«Лаңкестердің бір тобы ғимараттарды басып алып жатқан уақытта, басқа топтар қару-жарақ дүкендерін тонаумен айналысты. Олар сол жерден қару-жарақ пен оқ-дәрі арсеналдарын ұрлай бастады. Барлығы 1347 қару ұрланғанын анықтадық. Оның арасында 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару бар. Осының барлығы нақты ұйымдастырылған. Қылмыстың топтардың іс-әрекеттері топ жетекшілерімен үйлестірілді», деп түсіндірді департамент басшысы.