• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2022

Алматыдағы тәртіпсіздік: Шығын 112 млрд теңгеден асты

295 рет
көрсетілді

Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде келген шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемін 112,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге. Қазір шағын және орта бизнеске – 42 миллиард теңге, ірі бизнеске келген шығын 25 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Деректерді қайта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», деді Өсеров.

Сондай-ақ:

азық-түлік сатпайтын дүкендер – 20,9 миллиард теңге; азық-түлік дүкендер – 5,7 миллиард теңге; қару-жарақ дүкендер – 6,4 миллиард теңге; ломбардтар – 2,9 миллиард теңге; қоғамдық тамақтану орындары – 1,8 миллиард теңге; қаржы ұйымдары (банк, банкоматтар) – 702 миллион теңге.

Әкім орынбасарының айтуынша, әкімшілік ғимараттарға келген шығын 22,6 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде:

әкімдік ғимараты – 20 миллиард теңге; прокуратура ғимараты – 2 миллиард теңге; полиция департаменті және полиция бөлімі ғимараты – 205 миллион теңге; экобекеттер – 163 миллион теңге; медицина мекемелері – 2 миллион теңге.

«Материалдық-техникалық шығын 16,7 миллиард теңгені құрайды. Полиция департаментінің жабдықтары мен қару-жарағына көп шығын келген (16 миллиард теңге). «Сергек» жүйесі бойынша шығын алдын ала 250 миллион теңге деп есептеліп отыр. Мемлекеттік және жекеменшік көліктердің шығыны – 1,9 миллиард теңге. Зардап шеккен қызметкерлерге берілетін өтемақы 617,5 миллион», деді әкім орынбасары.

Айтуынша, Алматы бойынша тәртіпсіздік кезінде ең көп шығын Алмалы ауданына (20,5 миллиард теңге) келген. Одан кейін Әуезов (20,1 миллиард теңге), Бостандық (17,3 миллиард теңге) ауданы тұр. Ең аз шығын келген аудан – Наурызбай ауданы.