• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Қаңтар, 2022

Елордада рақымшылық бойынша бес адам жазадан босатылды

195 рет
көрсетілді

Елордада пробация есебінде тұрған 5 сотталған рақымшылықпен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, іс-құжаттары Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соттарына жолданды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменттің пробация қызметі бойынша рақымшылық жасау заңын қарастырылуына 715 сотталған жатады. Оның ішінде 209 сотталған босатылуға, жазасын қысқартуға – 506 сотталған.

Аудандық соттың қаулысымен бес сотталған жазадан босатылды. Қаулы заңды күшіне енді. Олар бас бостандығынан шектеу жазасымен сотталғандар.

Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары соттың қарауында. Сотталғандар қатарынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің қызметкерлеріне өздерінің ризашылығын білдірді.