Мегаполистегі барлық бағдаршамдар қалпына келтіріліп, автобус пен троллейбус бағыттары толық жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 қаңтардан бастап Алматы метросының жұмысы қайта жанданды. Жұмыс уақыты 7:00-ден 21:00-ге дейін.
Сондай-ақ, барлық 151 маршрут және 1600 бірлік жылжымалы құрам, соның ішінде троллейбус пен қала маңындағы бағыттар іске қосылды.
Қалалық маршруттардың жұмыс тәртібі 8:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңындағы маршруттарда 9:00-ден 21:00-ге дейін.
Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзахановтың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде 28 бірлік автобус зақымдалған, оның ішінде: 26 бірлік - «Алматыэлектротранс» ЖШС, 1 бірлік - «АвтоАлмаТранс» ЖШС, 1 бірлік - «Автотрансгаз» ЖШС. Қазіргі уақытта 16 автобус толық қалпына келтірілді, қалған 12 автобус қосалқы бөлшектердің қаңтар айының соңына дейін жеткізілуіне қарай қалпына келтіріледі.
Әуежай мен теміржол вокзалдары штаттық режимде жұмыс істейді.
15 қаңтардан бастап Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларына қалааралық тасымалдар жартылай жаңартылды.
Қаланың көше-жол желісін зерттеу нәтижелері бойынша 1050 шаршы метр жол жабынының, 410 метр үйілген жиектердің, 98 дана бұзылған металл торлардың бұзылуы анықталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.