Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингінде бір сатыға төмендеді. Қанаттан басқа боксшылардың да жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Екінші орта салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген Айдос Ербосынұлы бұрынғыдай бесінші орында қалды. Орта салмақ дәрежесінде рингке көтеріліп жүрген Жәнібек Әлімханұлы екінші орынға орналасқан. Ал бұған дейін сегізінші орында тұрған Қанат Ислам тоғызыншы орынға ығысты.