Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 17 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,68 теңгеге төмендеп, 1 доллар 433,90 теңге болды.
Ұлттық банктің 18 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы 436, 07 теңге, сатып алу – 438 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,41 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 437, 63 теңге.