Boxingnews24.com сайтының тілшісі, бокс сарапшысы Шон Джонс екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альваресті сынап тастады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілмете жасап.
«2018 жылғы Геннадий Головкинге қарсы өткізген шайқасынан кейін Альварес жанкүйерлерді алдай бастады. Ол қазақстандық боксшымен шаршы алаңда екінші рет кездескеннен кейін өзіне деген сенімділікті жоғалтты. Мықтылармен шығудан қашқақтай бастады. Генадан соң ол екінші орта салмаққа көтеріліп, қағаз жүзіндегі чемпиондармен кездескенді жөн көрді. Одан бөлек Дэниэл Джейкобс, Сергей Ковалев секілді күші сарқылған боксшыларға қарсы рингке шықты. Өйткені Головкин оны психологиялық тұрғыда «сындырып» тастады», деп жазды журналист өз ойымен бөлісіп.