• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қаңтар, 2022

Семейде өкілеттігін асыра пайдаланған ЖШС қызметкері ұсталды

897 рет
көрсетілді

Семейде өкілеттігін асыра пайдаланған ЖШС қызметкері екі миллион теңгеден астам қаражат жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей қаласы Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2021 жылғы 13-22 желтоқсан аралығында ЖШС бірінің қызметкері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, шамамен 2 097 933 теңге сомасында ақша қаражатын ысырап еткені туралы ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 39 жасар күдіктіні ұстады, олар жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.