• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2022

Рахманбердінің құстары

497 рет
көрсетілді

Сарыағаш ауданы Дербісек елді мекеніндегі «Рахманберді» шаруа қожалығы бүгінде ерекше құс түрлерін өсірумен айналысуда. Осы күнге дейін тауыс өңір үшін таңсық құс болатын. Әлемдегі ең ғажайып құстардың бірі, қырғауыл тұқымдасына жататын тауысты көпшілік тәкаппарлық, сұлулық белгісі ретінде де қабылдайды.

Құстың бұл түрін кәсіпкер Рах­манберді Өсербаев алғашқы­лардың бірі болып шаруа қожа­лығында өсіруді қолға алған. Сонымен қатар қырғауылдың 7 түрі, тауықтың 5 түрі, кептер, түйе­құс, азиялық кекілік, қаз, үй­ректің 2 түрін, күрке, бөдене бағу­мен де айналысуда. Сырттан әке­лінген құстар қолға үйретілген. Кәсіпкердің айтуына қарағанда, күтімі ерекше тауыс жылына 6 рет қана жұмыртқалайтын көрінеді. Одан өзге, бұл құс көктем айларында ғана ерекше билейді. Ал­ғашында 2 тауысты сатып алып, жерсіндірген кәсіпкер оны көбейтіп 40-қа жеткізген. Сондай-ақ құсқа қызығушы азаматтардың сұранысына сәйкес 30 шақты тауысты сатып, пайдасын да көріпті. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер құс шаруашылығын кеңейтумен қатар, балық шаруашылығын дамытуды да жоспарлап отыр.