Алматы қаласында коронавирус дертін жұқтырған 1 244 науқас ем алуда. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы деректерге қарасақ, тәулік ішінде 2 025 адам коронавирус дертін жұқтырып алған. Қазіргі кезде 131 адам ем алып жатыр.
«Инфекциялық стационарларда 1 244 адам бар (төсек-орын - 2380 ). Оның ішінде 179 бала емделіп жатыр», делінген қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі келтірген хабарламада.
Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 71 адам жатыр. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.