• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Қаңтар, 2022

Елордаға «Спутник Лайт» вакцинасының партиясы жеткізілді

378 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» векторлық вакцинасы жеткізілді. 10 мың доза мөлшерінде бірінші партия келді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл вакцина тек халықты ревакцинациялауға, яғни толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналғанын атап өтті.

Алғашқы вакцинация кезінде QazVac, Sinopharm, Hayat-Vac, Sinovac екпесін алғандарға «Спутник Лайт» препаратымен ревакцинациялауға болады.

Вакцина арнайы мұздатқышпен жеткізіліп, температурасы -18 градус және одан төмен мұздатқыш жабдыққа орналастырылды. Емханаларға бұл вакцина тіркелген халық санын ескере отырып бөлінеді.

МСАК ұйымдарының вакцинация пунктерінде және сауда орталықтарында («Керуен» СОО, «Абу даби плаза», «Азия парк», «Еуразия» СҮ) ревакцинациялауға болады.

Осылайша, елордада ревакцинацияға арналған мынадай екпелер бар: QazVac, Sinopharm және Спутник Light. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинациялай алады.