• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2022

«Қазақстан халқына» қорынан алынған қаржылай көмекке салық салынбайды

272 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов «Қазақстан халқына» қорына аударым жасаған бизнес субьектілеріне қандай жеңілдіктер берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бизнес субьектілерінің «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуын ынталандыру үшін Ұлттық экономика министр алаңында Салық кодексіне түзетулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Қазақстан халқына» әлеуметтік-қоғамдық қорына мүлік түрінде аударым жасағандарға салық салынатын кірісін азайту құқығы ұсынылады. Бұл жеңілдіктің мөлшері әлі талқыланып жатыр», деді Қайрат Миятов.

Екінші бөлім – аталған қордың қаражатынан көрсетілетін көмекке қатысты. Салық заңнамасы бойынша мұндай қаражат алушының табысы қайтарымсыз алынған мүлік ретінде қаралады. Біз қазір Салық кодексінің бұл тұрғыдағы ережесін қайта қарап жатырмыз. Яғни, салықтан босату жағына өзгерту енгізілмек», деді комитет басшысы.