• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 22 Қаңтар, 2022

«Омикрон» «Тойотаны» қыспаққа алды

287 рет
көрсетілді

Әйгілі корпорацияның Жапониядағы 11 зауыты көлік өндірісін уақытша тоқтатады, деп хабарлады Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Себебі қызметкерлер арасында вирус жұқтырғандар көбейген. Салдарынан қаңтарда шығарылуы керек көлік саны 47 мыңға қысқармақ.

Қазір Жапонияны коронавирус жайлап тұр. Кеше 42 мыңнан аса адамның тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл елде бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Жалпы «Тойота» былтыр бірнеше рет өндірісті уақытша тоқтатқан. Онда да пандемия себеп болған. Дәлірек айтқанда, карантиндік шектеулер салдарынан микрочиптер өндірісінде тапшылық туындаған.