• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 22 Қаңтар, 2022

Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді

252 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Спутник Лайт» вакцинасы, ревакцинациялауға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналған. Вакцина биылғы 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады.

Ревакцинациялау вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. Спутник Лайт – бұл векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны минус 18 градустан сақтау режимде сақталады.

Алматыда ревакцинацияға арналған келесі вакциналар бар: QazVac, VeroCell және Спутник Лайт.

Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады.